ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ:
-
іш қатуды қысқа мерзімді емдеу үшін (ішектің босатылуын ынталандыру және жеделдету үшін).
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу
Құрамы
1 микроклизма құрамында мыналар бар:
- белсенді зат - глицерин 2.25 г және75 г;
- қосымша заттар: түймедақ сұйық сығындысы, құлқайыр сұйық сығындысы, бидай крахмалы, тазартылған су.
Дәрілік нысаны
Ректалды ерітінді, 3 г және 9 г.
Фармакотерапиялық тобы
Асқорыту жүйесі және заттар алмасуы.
Іш қатуды емдеуге арналған препараттар. Клизмадағы іш өткізгіш дәрілер. Глицерол.
Код АТХ A06AG04
Көрсетілімдер
- іш қатуды қысқа мерзімді емдеу үшін (ішектің босатылуын ынталандыру және жеделдету үшін).
Қарсы көрсеткіштер
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық;
- шығу тегі белгісіз жедел іштің ауыруы;
- жүрек айнуы немесе құсу;
- ішек өтімсіздігі немесе стеноз;
- белгісіз шығу тегі аноректальды қан кету;
- геморроидальды қан кету;
- дененің қатты сусыздануы;
- 2 жасқа дейінгі балалар.
Қолдану тәсілі және дозалары
Әрбір құтыны бір рет қана пайдалануға болады. Пайдаланылмаған ерітіндіні жою қажет.
2 жастан 12 жасқа дейінгі балалар үшін тәулігіне бір рет, ең көп дегенде екі рет 3 г дозасымен микроклизмалар қолданылады.
12 жастан бастап жасөспірімдер үшін тәулігіне бір рет, ең көп дегенде екі рет 9 г дозасымен микроклизмалар қолданылады.
Бір уақытта екіден көп микроклизманы қолданбаңыз және белгіленген дозадан асырмаңыз. Дозаны науқастың жасына және белгілеріне сәйкес реттеуге болады.
Жағымсыз реакциялар
- жергілікті спазмодикалық ауырсыну, спастикалық іштің ауыруы;
- іш өту (сұйықтық пен электролиттердің азаюымен).
Артық дозалау
Артық дозалану жағдайлары байқалмаған.
Жүктілік немесе емшекпен емізу кезеңінде қолдану
Қолдануға болмайды.
Балалар
Препаратты 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Айрықша нұсқаулар
Іш өткізгіш құралдарды қолданған кезде нәжісті жұмсартуға көмектесу үшін күніне 6-8 стакан сұйықтық ішу керек.
Тік ішекке микроклизма канюлясын жеңіл енгізу үшін енгізер алдында микроклизма құтысындағы ерітінді тамшысымен канюляны майлау ұсынылады. Канюляны тік ішекке енгізгеннен кейін - құтыны қысу керек.
Курстың ұзақтығы 7 күннен аспауы керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиэтилен канюласы және полиэтилен қақпағы бар полиэтиленнен жасалған құтыларға препараттың 3 г және 9 г орналастырылады.
Полиэтиленнен жасалған әрбір құты жеке пакетке салынады.
Полиэтиленнен жасалған 6 құты бар жеке пакеттер медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
30оС-тан жоғары емес температурада тығыз жабылған контейнерлерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Өндіруші
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел. (727) 253-03-88.
Тіркеу куәлігінің иесі
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.
тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88, эл. пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.