Assign modules on offcanvas module position to make them visible in the sidebar.

ЭТИЛ СПИРТІ-DF

сыртқа қолдануға арналған ерітінді

70%, 90%, 50 мл, 90 мл, 100 мл

Босатылады: РЕЦЕПТІСІЗ 

ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ:

  • медициналық тәжірибеде этил спирті негізінен сыртқы антисептикалық және тітіркендіргіш ретінде сүртуге, компресстерге қолданылады;

  • хирургтың қолын, операциялық алаңды, медициналық құралдарды өңдеу.

dwldПрепаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алу

Құрамы:

1,0 мл препараттың құрамы 70% 90%
белсенді зат – этанол 96% 0.665г. 0.913г
қосымша зат  - тазартылған су

Дәрілік нысаны

Сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 70% және 90%.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер және дезинфекциялық препараттар. Басқа антисептиктер және дезинфекциялық препараттар. Этанол.

Код АТХ D08AX08

Көрсетілім

  • медициналық тәжірибеде этил спирті негізінен сыртқы антисептикалық және тітіркендіргіш ретінде сүртуге, компресстерге қолданылады;

  • хирургтың қолын, операциялық алаңды, медициналық құралдарды өңдеу.

Қарсы көрсеткіштер

  • құралдың компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Сыртынан - мақта тампондары, майлықтар көмегімен теріге жағылады. Компресс жасауға болады.

Жағымсыз реакциялар

  • аллергиялық реакциялар;
  • терінің, шырышты қабықтардың және тыныс алу жолдарының тітіркенуі және күюі;
  • жалпыуыттық қанға сіңгеннен кейінгі әсерін тигізе алады;
  • ОЖЖ жабырқаңқылуы.

Артық дозалану

Жергілікті қолданған кезде артық дозалану екіталай.

Жүктілік немесе емшекпен емізу кезеңінде қолдану

Сақтықпен қолдану керек.

Балалар

Балалық шақта 1 : 4 (спирт және су) сұйылтудағы компресстер үшін – 90% ерітінді үшін, 1 : 3 (спирт және су) – 70% ерітінді үшін қолданылуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Компресстер үшін (күйіп қалмас үшін) этил спиртін сумен 1 : 1 ара қатынаспен араластыру керек (70%, 90%).

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсерінің ерекшеліктері  

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде препараттың жанама әсерлерін ескере отырып, сақтықпен қолдану керек.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Препарат 50, 90 және 100 мл полиэтиленнен немесе полимерлік материалдардан тығындап-бұрау біріздендірілген пластмасса қақпақтары немесе полиэтилен тығындармен қақпақтары бар тығындалған шыны құтыларға құйылады. Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге топтық ыдысқа салады.

Сақтау шарттары

Жақсы тығындалған ыдыста, салқын, жарықтан қорғалған,  +25 ˚С –тан аспайтын  температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел. (727) 253-03-88.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

 «DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.

тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88, эл. пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Задать вопрос по этому препарату